Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы Бурыл орта мектебінің 9-сынып оқушысы жүктілік бойынша есепке алынды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты HALYQSTAN Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Аудандық білім бөлімінің мәліметінше, жасөспірім 14 жаста. Жүктілік туралы алғаш анасы хабардар болып, қызына медициналық тексеріс жасатқан. Бұған дейін ол әкесімен бірге тұрған.
Жүктілік дерегі белгілі болған соң мектеп әкімшілігі ата-аналардан түсініктеме алған. Қазіргі уақытта жасөспірім анасының қасында тұрады, оған психологиялық көмек көрсетілуде.
Құзырлы органдар тергеу амалдарын бастап, оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр. Ведомство дерегінше, ауданда ерте жүктіліктің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілген.