Елімізде қала жолдарындағы жылдамдық төмендетілуі мүмкін

/
Елімізде қала жолдарындағы жылдамдық төмендетілуі мүмкін
istockphoto.com

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің басшысы Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала жолдарындағы жылдамдық төмендеуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, Комитет ұжымы жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қайта қарап жатыр.

«Қазір біз бұл мәселені жұмыс барысында назарға алып, қарастырып жатырмыз. Ал депутаттар каникулдан оралған соң оны бірге талқылаймыз. Мәселе қарастырылып жатыр. Қабылданған шешім туралы қосымша хабарлаймыз», – деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары