Шымкентте жаппай төбелес болды

/
Шымкентте жаппай төбелес болды
istockphoto.com

Әлеуметтік желілерде бірнеше адам қатысқан жаппай төбелестің видеосы тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға Жангелдин көшесіндегі кафенің жанында болғаны анықталды.

Шымкент тұрғындары бір нәрсені бөлісе алмай, күтпеген жерден жаппай төбелес шығарған, — деп жазып жатыр әлеуметтік желілерде.

Полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, төбелеске қатысқан адамдарды ұстады.

16 тамызда болған жанжал бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қатысушылар анықталып, ұсталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталған соң, қатысушылардың әрекеттеріне заң тұрғыынан баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады, — деп хабарлады Шымкент қалалық полиция депатраментінен.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары