ТҮРКСОЙ Бас хатшысына Мажарстанның «Құрмет» ордені табысталды

/
ТҮРКСОЙ Бас хатшысына Мажарстанның «Құрмет» ордені табысталды

Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев Мажарстанның ең жоғары мемлекеттік марапаттарының бірі – «Құрмет» орденімен марапатталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Марапат Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбанның ұсынысы бойынша және Президенті Тамаш Шуйоктың Жарлығымен тағайындалды. Марапаттау рәсімі 2025 жылғы 19 тамызда Пешттегі Вигадо сарайында Мажарстанның Мемлекеттік тәуелсіздік күніне орай өтті. Орденді Мажарстан мәдениет және инновациялар министрі Балаш Ханко табыс етті.

Сұлтан Раев – көрнекті жазушы, драматург және мәдениет қайраткері. Бұл жоғары марапатты мажар халқымен мәдени ынтымақтастықты дамытуға және Мажарстан мен түркі әлемі арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін иеленді.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы бұл құрмет үшін ризашылығын білдіре отырып, әрі қарай да Мажарстан мен түркі халықтары арасындағы мәдени және гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға күш салатынын атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары