Астанада автобус апатқа ұшырап, 14 адам ауруханаға жеткізілді

/
Астанада автобус апатқа ұшырап, 14 адам ауруханаға жеткізілді
скриншот

Астанада автобус жолдан шығып кетіп, апатқа ұшырады,  Kazinform агенттігне сілтеме жасап, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform агенттігне сілтеме жасап.

Жөл-көлік оқиғасы Астанадағы Қабанбай батыр даңғылында болды. Тараған видеоға қарағанда, автобус қалалық маршрутта жүрген көлікке ұқсамайды. 

«Қабанбай батыр көшесінде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 14 адам жедел жәрдем арқылы қалалық көпсалалы стационарларға, сондай-ақ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына жеткізілді. Қабылдау бөлімінде барлығы салалық мамандардың тексеруінен өтті. Осы орайда зардап шеккендердің бірқатары амбулаторлық емдеуге жіберілді, ал қалғандары қосымша тексеруден өтіп жатыр. Зардап шеккендердің басым бөлігі жеңіл түрде жараланған», — делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасының Kazinform агенттігіне берген мәліметінде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары