Қазақстандықтар Конституция күніне орай неше күн демалады

/
Қазақстандықтар Конституция күніне орай неше күн демалады
istockphoto.com

Биыл Конституция күні – 30 тамыз сенбіге түседі. Еңбек кодексіне сәйкес, мереке күні демалыс күнінің үстіне түссе, келесі жұмыс күні де демалыс болып саналады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осыған байланысты бес күндік жұмыс аптасы бар қазақстандықтар 30, 31 тамыз және 1 қыркүйекте — үш күн қатарынан демалады. Ал алты күндік жұмыс кестесімен істейтіндер 30 және 31 тамызда ғана демалады.

Конституция күні – еліміздің басты заңын қабылдаған мерейлі күн, сондай-ақ биыл 30 жылдық мерейтойы атап өтіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары