21 тамыз күні "Көкшетау-Атбасар" автожолының 115 шақырымында жол апаты болып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға Максимовка ауылы маңында болған.
"Жол апаты салдарынан "Москвич-412" көлігінің жүргізушісі мен жолаушыларының бірі оқиға болған жерде көз жұмған. "Москвич-412" көлігінің тағы бір жолаушысы, "Hyundai Mafiас" көлігінің жүргізуші мен екі жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді", – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Өңір полициясы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарына осындай жағдайлардың алдын алу үшін жылдамдық режимін сақтап, бұған әсіресе көлік қозғалысы тығыз жерлерде ерекше назар аудару керектігін және көліктің техникалық жағдайын да бақылауда ұстау қажеттігін ескертті.