Президент Жолдауы: Биыл 63 қазандық пен 39 турбина күрделі жөндеуден өткізілмек

/
Президент Жолдауы: Биыл 63 қазандық пен 39 турбина күрделі жөндеуден өткізілмек
Үкімет. Фото: t.me/KZgovernment

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында бірінші кезектегі инфрақұрылымдық мәселелерді шешу қажеттігіне назар аударды, деп хабарлайды turkystan.kz.

ЖЭО тозуын азайту мәселелері — Үкіметтің ерекше бақылауында.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, елімізде ауқымды жөндеу науқаны жүзеге асырылуда. Осы жылы 10 энергоблокта, 63 қазандықта және 39 турбинада күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған.

«Бұл жұмыс нәтиже берді. ЖЭО-ның орташа тозуы ел бойынша 61%-ға дейін төмендеді. Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша 9 ЖЭО қызыл тәуекел аймағынан сарыға, 3 ЖЭО сарыдан жасыл аймаққа көшті», — деді Е. Ақкенженов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары