Желіде тағы бір судьяның әрекеті қызу талқыланып жатыр (ВИДЕО)

/
Желіде тағы бір судьяның әрекеті қызу талқыланып жатыр (ВИДЕО)
скриншот

Әлеуметтік желіде судья Бақытхан Бәкірбаевтың сот отырысы кезінде белгісіз біреулерге саусақтарымен тор іспетті ишара көрсеткен видеосы тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кадрларда Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бәкірбаев Бақытхан Ергешұлы болған. Желі қолданушыларының болжамынша, судья хэштегке немесе түрмеге қамауды еске салатын ишара көрсеткен.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қалалық сот түсінік берді.

Сотта үш айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініш қаралған. Отырыс барысында қатысушылардың бірі залдан шығып кетуге әрекет жасаған.

«Судья мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін білдірді», - делінген мәлімдемеде.

Іс қарау барысында судьяның әрекеттеріне шағым түсіп, қоғамдық сөгіс жарияланған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары