Назарбаев университетінің студенті 12-қабаттан құлап, мерт болды

/
Назарбаев университетінің студенті 12-қабаттан құлап, мерт болды
istockphoto.com

Елордада Назарбаев Университетінің жатақханасында студент қыз 12-қабаттағы терезеден құлап кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы жағдай 15 тамызда болған, алайда бұл туралы ақпарат енді ғана белгілі болды.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 22 жастағы қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Назарбаев Университетінің баспасөз қызметі де кампус аумағында қайғылы жағдайдың болғанын растады. Олар марқұмның отбасы мен жақындарының сезіміне нұқсан келтірмеу үшін тексерілмеген ақпарат таратпауға шақырды.

«Университет ұжымының атынан марқұмның отбасы мен жақындарына шынайы көңіл айтамыз және олардың ауыр қайғысына ортақпыз. Қажетті барлық шара жедел қабылданды. Жедел қызметтер мен құқық қорғау органдары жұмылдырылды, сондай-ақ психологиялық қолдау көрсетілуде», – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұл – жаз айларында Назарбаев Университетінде тіркелген екінші қайғылы жағдай. 18 маусымда студент қыз жатақханада өлі табылған еді. Кейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осы оқиғаға қатысты пікір білдірген болатын.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары