Алматыда тұрғын үй ауласында кішкентай қызды тоқ соқты

/
Алматыда тұрғын үй ауласында кішкентай қызды тоқ соқты
istockphoto.com

Алматыда тұрғын үй кешенінің ауласында кішкентай қыз жарақат алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Анасының айтуынша, қызы аулада шам бағанасының жанында ойнап жүргенде, абайсызда тоқ жүрген металл арматураға қолын тигізген

«Қызым жерге отырып, таспен ойнап жатқан. Сол кезде шығып тұрған арматураға қолын тигізіп еді, ток соғып, бірден құлап қалды. Қолын әрең тартып алдым, өзім де тоқ разрядын алдым. Жедел жәрдем шақырдық, қазір қызым күйік пен электр жарақатымен жансақтау бөлімінде жатыр», – деді әйел.

Оқиға RAMS Kazakhstan компаниясы салған, Новая көшесі, 39 мекенжайындағы тұрғын үй кешенінің ауласында болған.

Зардап шеккен баланың анасы әкімдіктен және құрылыс компаниясынан жағдайды тергеуді және шара қабылдауды талап етуде:

«Күн сайын балалар ойнайтын аулада 220 вольт тоқ жүрген арматура шығып тұр. Бұл – кез келген бала үшін өмірге қауіп. Мен әділдікті қалаймын және кінәлілер жауапқа тартылсын», – деді ол.

Қазір дәрігерлер қыздың жағдайын бақылауда, ал оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары