Олжас Бектенов жолаушылар вагондарын жүйелі түрде жаңартып отыруды тапсырды

/
Олжас Бектенов жолаушылар вагондарын жүйелі түрде жаңартып отыруды тапсырды
Үкімет

Үкімет отырысында Олжас Бектенов жолаушылар тасымалы саласын дамытуға баса назар аударып, барлық тасымалдаушыларда жолаушылар вагондары мен локомотивтер паркін жүйелі түрде жаңартып отыру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Жолаушылар тасымалы саласына ерекше назар аудару керек. Қызмет көрсету сапасы мен вагондардың жағдайына қатысты халықтың тарапынан арыз-шағымдар азайған жоқ. Бұл теміржол саласымен қатар, еліміздің имиджіне әсер етеді.

Сондықтан барлық тасымалдаушылар жолаушылар вагондары мен локомотив паркін жүйелі түрде жаңартып отыруын қамтамасыз ету қажет.

Отандық вагон жасау зауыттарында қазіргі заманға сай әрі жайлы жолаушылар вагондарын шығару жолға қойылған, оларды ұлттық тасымалдаушы қолданып жүр»,— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бұл ретте жүк вагондарын шығару және ауыстыру жұмысын да жандандыру қажет. Осыған байланысты Көлік министрлігі мен ҚТЖ заманауи әрі перспективалы әзірлемелерді енгізуді, оның ішінде жылжымалы құрамдардың қозғалыс жылдамдығын арттыру үшін жолаушылар тасымалы саласындағы қызметтерді одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ету тапсырылды

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары