Орал маңындағы орманда жүрген екі қыз қамауға алынды

/
Орал маңындағы орманда жүрген екі қыз қамауға алынды
istockphoto.com

Оралда 1,6 келіге жуық синтетикалық есірткімен 26 жастағы екі қыз ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күдіктілер қала маңындағы орман алқабында қолға түсті. Жеке тінту барысында олардың жанынан ұнтақ тәріздес зат салынған 30 орама табылды.

Жалға алған пәтерін тінту кезінде ұқсас заттар салынған 125 орама, ақ және қызыл түсті ұнтақ тәріздес заттары бар 5 контейнер, қара-сұр түсті тас тәріздес зат салынған 1 контейнер, сондай-ақ электронды таразы, zip-пакеттер және оқшаулағыш ленталар тәркіленді.

Сараптама қорытындысы бойынша, алынған заттар: "Alpha-PVP" — 817,16 грамм, мефедрон — 782,44 грамм, гашиш — 192,13 грамм. Барлығы 1 келі 599,6 грамм есірткі заты анықталды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде: жеткізу арналары мен ықтимал сыбайластар анықталып жатыр.

Полиция ескертеді: жеңіл табысқа қызығып, заңсыз әрекеттерге қатысу – бостандықтан, денсаулықтан және болашақтан айырылуға апаратын жол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары