Елде 2025–2026 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдері, оқушы демалыстары және қорытынды аттестация күндері нақтыланды. Құжат 2025 жылғы 24 тамыздан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Негізгі мерзімдер
Оқу жылы: 2025 жылғы 1 қыркүйек – 2026 жылғы 25 мамыр.
1–11(12) сыныптарға арналған тоқсандар мен каникулдар:
1-тоқсан — 8 апта. Күзгі каникул: 27 қазан – 2 қараша 2025.
2-тоқсан — 8 апта. Қысқы каникул: 29 желтоқсан 2025 – 7 қаңтар 2026.
3-тоқсан — 10 апта. Көктемгі каникул: 19 – 29 наурыз 2026.
1-сыныпқа қосымша демалыс: 9 – 15 ақпан 2026.
4-тоқсан — 8 апта.
Қорытынды аттестация
9(10) сыныптар: 29 мамыр – 11 маусым 2026.
Математика (алгебра): 29 мамыр
Таңдау пәні: 3 маусым
Қазақ/орыс/ана тілі (эссе немесе жазба жұмыс): 8 маусым
Қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті (оқыту тіліне сай): 11 маусым
11(12) сыныптар: 2 – 15 маусым 2026.
Қазақстан тарихы (ауызша): 2 маусым
Алгебра және анализ бастамалары: 5 маусым
Қазақ/орыс/ана тілі: 9 маусым
Таңдау пәні: 12 маусым
Қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті: 15 маусым