«Ішінде бала болған»: Астанада лифт тоғызыншы қабаттан құлап кетті

/
«Ішінде бала болған»: Астанада лифт тоғызыншы қабаттан құлап кетті
istockphoto.com

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде тоғызыншы қабаттан лифт құлады. Лифт ішінде болған қыз бала жарақат алып, қатты қорқып қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 13 тамызда Мұқан Төлебаев көшесі, 5 мекенжайындағы "Арыстан" тұрғын үй кешенінде болған.

«Лифт 9-қабаттан құлап түсті, ішінде қыз бала болды. Қатты қорқып, құйымшағынан жарақат алды. Лифттердегі мәселе көптен бері жалғасып келеді, бірақ оларды ауыстыруға әлі қол жеткізе алмай отырмыз», – деді тұрғын үй кешенінің тұрғындары.

«Барлық бейінді мамандардың қатысуымен амбулаториялық деңгейде тексеру жүргізілді. Ауыр жарақаттар болмағандықтан, ауруханаға жатқызу қажет болған жоқ. Бала амбулаториялық емдеуге жіберілді. Әрі қарай ем жүргізу тұрғылықты жері бойынша жалғасады», – деді Астананың Денсаулық сақтау басқармасы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары