Ақтөбеде судан 3 және 5 жастағы баланың денесі табылды

/
Ақтөбеде судан 3 және 5 жастағы баланың денесі табылды
istockphoto.com

Ақтөбе қаласы Ясное-2 тұрғын алабындаекі бала суға батып кетті. Құтқарушылар мәйіттерді  3 метр тереңдіктен алып шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 10 тамыз күні Алматы ауданына қарасты Ясное-2 тұрғын алабында болды. 2020 және 2022 жылы туған екі баланы іздестіруге облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.

«Облыстық ТЖД-нің жедел-құтқару жасағы балалардың денесін шомылуға тыйым салынған аймақтан, жағадан шамамен 2 метр қашықтықта және 3 метр тереңдіктен тапты. Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналар мен ересектерді су айдындарының жанында балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады. Баланы аз уақытқа болса да қараусыз қалдыру орны толмас қайғыға душар етуі мүмкін. Құтқарушылар кезекшілік ететін, арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылған дұрыс», – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары