Алматыда 29 жастағы ер адам із-түзсіз жоғалып кетті

/
Алматыда 29 жастағы ер адам із-түзсіз жоғалып кетті
instagram

Алматыда 29 жастағы Қалижан Өтеповті іздестіріп жатыр. Ол соңғы рет тауға бара жатқан жолда бақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды turkystan.kz сайты rozysk_kz парақшасына сілтеме жасап.

Қалижан 8 тамызда шамамен сағат 09:00-де Алатау ауданы, Нұркент ықшам ауданындағы үйінен шығып, содан кейін хабарсыз кеткен. Іздеу барысында оның Шымбұлаққа барар жолда бейнебақылау камераларына түскені анықталды.

13 тамызда, волонтерлер Медеу мен Шымбұлақ маңындағы іздеу жұмыстарына дрондар қосылғанын хабарлады.

Алматы қаласы ТЖД оқиғаға қатысты пікір білдіріп, іздеу жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты.

«11 тамызда Алматы қаласы ТЖД-ның кезекші бөліміне полиция қызметкерлерінен 1995 жылы туған азаматтың 8 тамызда үйінен шығып кетіп, әлі оралмағаны жөнінде хабар түсті. Кейінгі анықталған орны – "Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты ауданы. Осыған байланысты штаб құрылып, іздестіру-құтқару жұмыстары басталды. Жұмысқа ТЖМ-нің 20 қызметкері, оның ішінде РОСО мен Құтқару қызметінің құтқарушылары, волонтерлер, төрт дрон, төрт техника және бір кинологиялық есеп жұмылдырылды. Жұмыстар жалғасуда, нәтижелері қосымша хабарланады», - деп мәлімдеді қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Қалижанның ерекше белгілері: бойы – 170 см, орта денелі, шашы қара, қысқа. Үстінде ақ футболка, қоңыр шалбар, қоңыр сандал, сұр рюкзак болған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары