Түркістан облысында 11 баланың анасы үшемін үйіне алып шықты, деп хабарлайды turkystan.kz сайты TURKISTAN телеарнасына сілтеме жасап.
Түркістан облысы Шардара ауданының тұрғыны үшем босанып, 11 баланың анасы атанды. Қазіргі таңда ана мен балалардың жағдайы жақсы.
13 тамыз күні сағат 15:00-де, үшемдер Түркістан облыстық №1 перинаталды орталығынан үйіне шығарылды. Бұл қуанышты сәтке отбасы мүшелері мен жақындары куә болды.