Шымкентте 15 жастағы жасөспірім суға батып кетті

/
Шымкентте 15 жастағы жасөспірім суға батып кетті
istockphoto.com

Қайғылы оқиға бүгін сағат 14:50 шамасында Бадам өзенінде болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға түскен 2010 жылы туған жасөспірім батып кетті. Құтқарушылар оның денесін судан алып шықты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

"Тек арнайы рұқсат етілген жағажайларда шомылыңыз. Мас күйде суға түспеңіз. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Қатты ағысты, лайлы және тереңдігі белгісіз жерлерден аулақ болыңыз. Қауіпті ойындарға (су астына тарту, итеру, секіру) жол бермеңіз. Құтқару құралдарын қолданыңыз", — делінген Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар қызметі таратқан ақпаратта. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары