Астанада 6 жастағы бала тоғызыншы қабаттан құлады: Тергеу басталды

/
Астанада 6 жастағы бала тоғызыншы қабаттан құлады: Тергеу басталды
видеодан скриншот

Астанада алты жастағы бала тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап, аман қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға Елордадағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Бала өз пәтерінің терезесінен құлап, екінші қабаттың қақпақшасына (козырек) түскен. Ол жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қазір полиция кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

«Алдын-ала мәлімет бойынша, 6 жасар бала бөлмеде жалғыз болған кезде терезеден құлап кеткен. Оқиға кезінде ересектер басқа бөлмеде болған. Жарақат алған бала медициналық мекемеге жеткізілді», – деп хабарлады Астана Полиция департаменті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары