Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне «ұлттық» мәртебе берілді

/
Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне «ұлттық» мәртебе берілді
instagram/aimagambetov

Президенттің жарлығына сәйкес, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне «ұлттық» мәртебе берілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«Бұл - әділетті әрі тарихи шешім. Себебі 1991 жылға дейін Қазақстанда тек екі ғана университет деңгейіндегі жоғары оқу орны болды: ҚазМУ және КарМУ (қазіргі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті). Бұл факт КарМУ-дың сол кездегі де, бүгінгі де деңгейі мен әлеуетін айқын көрсетеді. Ол әлеует әлі күнге дейін бар және жаңа деңгейге көтерілуге дайын. Жаңа мәртебе - бұл университеттің жетістіктерін мойындау ғана емес, сонымен қатар ғылым, білім және кәсіби даму үшін жаңа мүмкіндіктердің бастауы», - деп жазды Аймағамбетов.

Оның айтуынша, ұлттық мәртебе алған университеттің бюджеті де көбейеді. Демек, профессор-оқытушылар құрамының еңбекақысы өсіп, университеттің материалдық-техникалық базасы жақсарады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары