Қызылордада егіздің сыңары бауырына бүйрегін берді

/
Қызылордада егіздің сыңары бауырына бүйрегін берді
Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасы

Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасында бір күнде екі науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аурухана баспасөз қызметінің мәліметінше, бірінші науқас – 1979 жылы туған әйелге өзінен үш жас үлкен туған ағасы донор болды. Екінші трансплантация 1978 жылы туған ер адамға жасалды.

«Науқасқа егіздің сыңары, ағасы бүйрегін берді. Отаны аурухана бас дәрігерінің орынбасары, PhD Ербол Серікұлы А.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығының бөлімше меңгерушісі Ислам Мададовтың командасымен бірге жасады. Операция сәтті өтті. Науқастардың жағдайы орташа, тиесілі ем қабылдап жатыр», – делінген хабарламада. 

Былтыр ауруханада бүйрекке 6 трансплантация жасалды. Биыл дәрігерлер бірінші рет бауыр ауыстырды. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары