Атырауда 33 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

/
Атырауда 33 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

Атырау қаласының прокуратурасы 80-нен астам педагогтың конституциялық құқықтарын қалпына келтірілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Жүргізілген талдау нәтижесінде білім беру ұйымдарының ұжымдық шарттарында зейнет жасына жеткен қызметкерлерге алдын ала хабардар ете отырып, бір лауазымдық жалақы мөлшерінде өтемақы төлеу қарастырылғаны анықталды, алайда бірқатар мектептер мен балабақшаларда бұл талап орындалмағаны анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 11 миллион теңгеден астам өтемақы төленіп, қызметкерлердің құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.

33 лауазымды тұлғаға қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Қала прокуратурасы әлеуметтік салада заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында жұмысын жалғастырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары