Батыс Қазақстанда жол апатынан жүргізуші көз жұмды

/
Батыс Қазақстанда жол апатынан жүргізуші көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында Орал-Атырау жолы бойында адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Kazinrorm агенттігіне сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 10 тамыз күні сағат 15.00-де Оралға қарасты Круглоозерный кенті тұсында жүргізуші «ВАЗ-2115» автокөлігімен басып озамын деп, қарсы бетке шығып кеткен. 

Содан кейін Toyota Camry және Нyndai Creta көліктерімен соқтығысқан.

— Жол апаты салдарынан «ВАЗ-2115» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды. Оған қоса Нyndai Creta автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, — деп хабарлады ведомстводан. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары