Екібастұзда жоғалып кеткен 4 тұрғын іздестіріліп жатыр

/
Екібастұзда жоғалып кеткен 4 тұрғын іздестіріліп жатыр
istockphoto.com

Екібастұз қаласының полициясы хабар-ошарсыз кеткен 4 тұрғынды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл сәуір айында 64 жастағы Шахриддин Баймурадов белгісіз бағытта шығып, жоғалып кеткен. Оның бойы 165-170 сантиметр, шашы ақшыл. Үстінде көк түсті күртеше мен шалбар болған.

2024 жылдың қараша айында үш ер адам жоғалды. 34 жастағы Қанат Қабиденов да ешкімге таныс емес бағытта шығып, із-түссіз жоғалды. Оның да бойы 165-170 сантиметр. Шашы қара түсті. Ол қара түсті күртеше, көкшіл түсті джинсы, қара түсті етік киіп шыққан. Дәл осы уақытта 37 жастағы Хавдал Бахытбег те жоғалған болатын. Ол камуфляжды күртеше, қара шалбар киіп шыққан еді. Оның бойы 165-170 сантиметр.

37 жастағы Шакен Кенжебек те сол кезде жоғалып, әлі байланысқа шықпаған. Ол қара күртеше мен шалбар, сұр түсті кроссовки киген болатын.

– Өтініш түскеннен кейін бірден белсенді түрде іздестіріліп басталды. Жедел-іздестіру іс - шаралары жүргізіледі. Туыстары, әріптестері, таныстары сұралады. Сондай-ақ куәгерлер анықталады, бейнебақылау камераларынан жазбалар зерделенеді, қараусыз қалған ғимараттар мен пайдаланылмайтын құрылыстарды, саяжай алабын, су айдындарын аралау жүргізіледі, – деп хабарлайды полицейлер.

Полиция басқармасының жеке құрамымен бірге іздеуге ТЖМ қызметкерлері, еріктілер, қала тұрғындары қатысады. Иттер мен арнайы техника қолданылады.

Тәртіп сақшылары қала тұрғындарына жүгіннді: егер сіз жоғалған адамдардың орналасқан жері туралы қандай да ақпарат білсеңіз немесе оны іздеуге көмектесетін қандай да бір ақпаратыңыз болса, 102 телефоны немесе 8 (7187) 75-06-06, 8 (778) 669-66-99, 8(776) 269-41-28 нөмірлері бойынша хабарлауды сұрайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары