Қостанай облысы Қарабалық ауданы Михайловка ауылында қайтарылған активтер есебінен 16 шақырым су құбырын салынады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазіргі таңда ауыл тұрғындарының ауыз суды пайдалануы шектелген: су көзі тарату пункттері арқылы беріледі.
Су құбырын пайдалануға берілсе Михайловка ауылының 500-ден астам тұрғыны орталықтандырылған суға қол жеткізеді.
Әлеуметтік нысан биыл аяқталады деп жоспарланып отыр.
Мердігер құрылыс жұмыстарының мерзімін қатаң сақтауға және сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.
Құрылыс барысы мен қаражаттың жұмсалуы облыстық прокуратураның бақылауында.