Атырауда үлескерлерден заңсыз ақша алған құрылыс компанияларына айыппұл салынды

/
Атырауда үлескерлерден заңсыз ақша алған құрылыс компанияларына айыппұл салынды
istockphoto.com

Атырау прокуратурасы үлескерлердің қаражатын тұрғын үй құрылысына заңсыз тартуды жарнамалаумен айналысқан 10 компанияны анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кінәлі тұлғалар «Үлестік қатысу туралы заңнаманы бұзу» бабы бойынша жауапқа тартылып, 10,6 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды. 

Қала прокуратурасы азаматтарға үлестік құрылысқа қаражат салмас бұрын құрылыс салушының лицензиясы, жер теліміне құқық белгілейтін құжаттары мен құрылысқа рұқсат құжаттарын мұқият тексеруді ұсынады. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары