Оралда ірі сүт комбинаты өртеніп жатыр

/
Оралда ірі сүт комбинаты өртеніп жатыр
112

Орал қаласы, Айталев көшесі бойындағы сүт комбинатының аумағында орналасқан бір қабатты, бөлек тұрған ыстау ғимараты өртеніп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құтқарушылар қарқынды жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндіру оқпандары іске қосылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.

Нақты мәлімет бойынша, екі цехтың шатыры жанған:

— біріншісінде дайын өніммен бірге тоңазытқыш жабдықтары,

— екіншісінде балмұздақ өндіруге арналған жабдық орналасқан.

Өрттің жалпы ауданы – шамамен 3000 шаршы метр. Өртті сөндіру жұмыстары қатты желдің салдарынан күрделене түсті.

Қазіргі сәтте өрт оқшауланған.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары