Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 537,53 теңгені құрап, 3,98 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ұлттық банктің 5 тамызға арналған ресми бағамы – 541,82 теңге.
kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орташа есеппен 537,43 теңге, сату – 539,64 теңге. Астанада айырбастау пунктері америкалық валютаны орташа есеппен 534,72 теңгеден сатып алып, 541,54 теңгеден сатуда.
Естеріңізге сала кетейік, 30 шілдеде Қазақстандағы айырбастау пунктерінде доллар бағамы 550 теңгеден асып кеткен еді. Кейін Ұлттық банк валюта интервенцияларын бастайтынын хабарлады. 1 тамызда реттеуші сол күні теңгені қолдау үшін 125,6 миллион доллар жұмсалғанын мәлімдеді.