Түркістан облысы Ащысай ауылындағы Мұханов көшесінде мәдениет сарайында өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт ғимараттың үстінгі қабатынан басталған. Қызыл жалынның аумағы 600 шаршы метр жерге дейін жайылған.
Жедел жеткен құтқарушылар қызыл жалынды кеше сағат 18:37-де оқшаулап, 19:27-де толық сөндірген.
Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.
Өртті сөндіруге 21 жеке құрам және 6 техника жергілікті атқарушы органнан «Ауыл құтқарушылары» 3 жеке құрамы және 1 техника жұмылдырылған.