Петропавлда 29 жастағы ер адам полиция ғимаратында көз жұмды

/
Петропавлда 29 жастағы ер адам полиция ғимаратында көз жұмды
Polisia.kz

Петропавлда қалалық полиция басқармасының ғимаратында құқық бұзушылық жасағаны үшін ұсталған 29 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеп.

Қайғылы жағдай 18 маусымда болған. Алайда, бұл жағдай туралы жуырда ғана белгілі болды. Марқұмның туыстары жігіт тергеу изоляторында өзін өлтіргенін айтты.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті ұсталған адамның қайтыс болған фактісін растады.

«Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайы толық, жан-жақты және объективті зерттеліп жатыр»,  деп хабарлады ПД.

Жігіттің өзіне қол жұмсауына не себеп болғаны әлі белгісіз. Осы іс бойынша қызметтік тергеу аяқталған.

«Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша, полиция қызметкерлері тарапынан құқыққа қайшы әрекеттер анықталмады. Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді», деп мәлімдеді СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары