Сәкен Майғазиевтің әйелі Динара Майғазиева инстаграм желісіндегі парақшасында өмірлік ұстанымын айтып, желі қолданушыларының сүйіспеншілігіне бөленді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Сана бер, сана бермесең — ала бер. Кейде қанша айтсаң да, адам түсінбейді. Себебі шын түсінік — тек басынан өткенде келеді. Өзі бастан өткеріп, жүрекпен сезінгенде ғана ол өмірлік сабаққа айналады. Әркім өз жолынан өтеді. Өз шындығын өзі таниды. Бірақ сана болса — бәрі жеңіл өтеді. Ал сана болмаса — өмір өзі үйретеді», — дейді ол.
«Сөз саптауыңыз керемет! Кітап оқитыныңыз көрініп тұр! Тамаша айттыңыз!», деген желі қолданушылары оған қолдау білдіріп жатыр.