Қызылжар ауданында саңырауқұлақ теруге барған әйел адасып кеткен

/
Қызылжар ауданында саңырауқұлақ теруге барған әйел адасып кеткен

Құтқарушылар орманда адасып қалған әйелді тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

73 жастағы әйел таңертең күйеуімен бірге саңырауқұлақ теруге орманға шығып, серуендеу кезінде адасып кеткен.

Әйелді іздестіру жұмыстары Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Шаховское ауылының маңында жүргізілді.

Орман алқабын тексеру үшін құтқарушылар барлық қажетті құралдарды, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараты мен кинологиялық жасақты жұмылдырды.

ТЖМ іздестіру тобы жоғалған адамды Шаховское ауылынан 6 шақырым жерде тапты. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары