Сауд Арабиясында карусель екіге бөлініп, 23 адам жарақат алды

/
Сауд Арабиясында карусель екіге бөлініп, 23 адам жарақат алды
Фото: KhaaleejTimes

Оқиға сәрсенбі күні кешке, Тайф маңындағы Әл-Хада ауданында, Green Mountain саябағында болған. «360 градус» деп аталатын танымал аттракцион қозғалыс кезінде кенеттен бұзылып, екіге сынып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

БАҚ мәліметінше, Тайфтағы бірнеше аурухана «сары код» режимін жариялап, зардап шеккендерді қабылдауға кіріскен. Жараланғандарға оқиға орнында алғашқы көмек көрсетіліп, кейін олар шұғыл түрде медициналық мекемелерге жеткізілген.

Хабарламаларға сүйенсек, оқиға кезінде аттракционда 23 қыз отырған. Зардап шеккендердің үшеуі ауыр жарақат алған.

Сауд Арабиясының құзырлы органдары апаттың мән-жайын анықтау үшін жедел тергеу бастады.

Әлеуметтік желідегі мәліметтерге қарағанда, саябақ қазір жабық, оқиғадан кейін электр қуаты өшірілген.

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары