Айнұр Тұрсынбаеваның сіңілісі қайын жұрты үшін өзін қалай құрбан еткенін айтып берді

/
Айнұр Тұрсынбаеваның сіңілісі қайын жұрты үшін өзін қалай құрбан еткенін айтып берді
Коллаж: Turkystan.kz

Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның туған сіңілісі Ардақ Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жан сырын ақтарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол тұрмыс құрып, келіндік өмірі басталғанда қалай өзгергенін, күйеуі мен қайын жұрты үшін өзін қалай құрбан еткенін баяндады.

«Қазақстанда бұл туралы айту ұят. Мен келін болып түсе сала өзімді ұмыттым. Күн-түн демей келіндік қызметімді атқардым. Түнгі 1-де ұйықтап, таңғы 6-да тұратынмын. Бар ойым қалай бәріне жағамын, қашан маған жолдасым көңіл бөледі? Өз-өзіме мүлдем уақыт бөлмедім. Солай артық салмақ жинап алдым, толып кеттім. Тек үйдің тірліктері деп, тіпті айнаға қарамай кеткен күндерім де болды. Көп жылайтынмын, депрессияда жүрдім. Бірақ мен сынбадым. Еңсемді тік ұстап: «Ардақ, жетер, бұл сенің өмірің, өз-өзіңді қолға ал деп өз-өзіммен келістім». Спортпен айналыса бастадым, өзіме күтім жасай бастадым», – дейді ол.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары