Меркідегі жанармай бекетіндегі шабуыл: Күдіктіге сот үкімі шықты

/
Меркідегі жанармай бекетіндегі шабуыл: Күдіктіге сот үкімі шықты
istockphoto.com

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты суық қаруды заңсыз алып жүргені және бұзақылық ниетпен адам өлтіруге оқталғаны үшін айыпталған Ә-ге қатысты қылмыстық істі қарады

Соттың мәліметінше, 2025 жылдың сәуір айында сотталушы Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған кезінде, пышақ түріндегі суық қаруды өзімен бірге заңсыз сақтап, жанармай құю бекетінен шығып келе жатқанда жәбірленуші Я.-мен соқтығысып қалған.

«Сотталушы Ә. болмашы сылтауды пайдаланып, бұзақылық пиғылмен, пышақты пайдаланып, адам өлтіруге тікелей қылмыстық ниетпен, жәбірленуші Я.-ның артқы жағынан келіп, екі рет пышақпен соққы жасаған, салдарынан арқасына және оң жақ кеуде тұсына шаншылып кесілген жарақаттар келтірген. Алайда жанында тұрғандар сотталушыны ұстап қалған, ал жәбірленуші Я. қашып үлгерген.

Осылайша Ә. адам өлтіру қылмыстық іс-әрекетін өзіне қатысты емес мән-жайларға байланысты ақырына дейiн жеткiзе алмаған», - делінген жазбада.

Жәбірленуші тарап сотталушыдан 10 млн теңге көлемінде моралдық зиянды, 1,3 млн теңге көлемінде материалдық залалды өндіре отырып, бас бостандығынан айыру түрінде қатаң жаза тағайындауды сұрады.

Айыпталушы Ә. жасаған қылмысына өкініп, кінәсін мойындамады.

Сот жеңілдететін мән-жайлар ретінде кәмелеттік жасқа толмаған балаларының болуын анықтады, ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

Сот үкімімен Ә. онша қатаң емес жазаны неғурлым қатаң жазаға сіңіру жолымен түпкілікті – 11 жыл 3 ай мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот Ә.-ден 500 мың теңге моральдық зиян және 1,3 млн теңгеден астам мүліктік залал сомасын өндірді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары