Шавкат Рахмоновтың қарындасы жеңгесі жайлы жазба жариялады

/
Шавкат Рахмоновтың қарындасы жеңгесі жайлы жазба жариялады
коллаж: turkystan.kz

Шавкат Рахмоновтың туған қарындасы Сора Рахмонова әсерлі жазба қалдырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Спортшы ағасының әйелі тап болған оқиғаға байланысты пікір білдірді.

"Ағамның отбасындағы жағдайға алаңдап, хабарласып жатқандарға Алла разы болсын! Мұндай ауыр жағдай ешкімнің басына келмесін. Ертең не боларын бір Алла біледі... Жеңгеме Алла жар болсын! Екі бірдей жақынынан айырылып, өзі де жарақат алды. Қайтыс болған жандардың иманы жолдас болсын, жандары жәннатта болғай", - деді Сора Рахмонова әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары