«ESCOBAR OPTOM»: Алматыда құны 1 млрд теңгеден асатын вейптер тәркіленді

/
«ESCOBAR OPTOM»: Алматыда құны 1 млрд теңгеден асатын вейптер тәркіленді
istockphoto.com

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматыда электрондық тұтыну жүйелері (вейптер), дәмқосқыштар мен оларға арналған сұйықтықтардың заңсыз сатумен айналысқан топтың қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды turkystan.kz.

Тыйым салынған өнім «ESCOBAR OPTOM» атауымен Telegram мессенджерінде сатылған. Оларды курьер жеткізіп отырған.

Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде қоймалар мен сату нүктелері анықталды.

Тінту барысында 150 мыңнан астам вейп тәркіленді, олардың сатылымынан түсетін табыс 1 млрд теңгеден асып кетуі мүмкін еді.

Бұл өнімдер кәмелетке толмағандар, соның ішінде мектеп оқушылары арасында кеңінен таратылған.

Көлеңкелі бизнестің ұйымдастырушылары вейптерді әдейі жасөспірімдерге жеткізіп, олардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндірген.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары