Абайдың 180 жылдығы: 10 күн бойы қалалық ашық чемпионаттар өтеді

/
Абайдың 180 жылдығы: 10 күн бойы қалалық ашық чемпионаттар өтеді
gov.kz

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында этноауылда 10 күн бойы қалалық ашық чемпионаттар өтпек, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қуат Исажанов мәлімдеді.

Семей қаласында мерекелік іс-шаралардың он күндігі бекітіліп, аталған бағдарламаның аясында 12 спорт түрінен 14 спорттық іс-шара өтпек.

аАйта кетейік, 1–10 тамыз аралығында мерекелік онкүндік аясында халықаралық және республикалық деңгейдегі ауқымды мәдени, әдеби, спорттық және қоғамдық шаралар ұйымдастырылмақ.

Барлық іс-шаралар кең ауқымды қатысумен, жоғары деңгейде өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары