Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында биыл отын-энергетика кешенінде 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның деректері бойынша, бүгінгі таңда отын-энергетика кешенінде 1671 кәсіпорын бар, онда түрлі кәсіп бойынша 303 мыңнан астам жұмыскер жұмыспен қамтылған.
Мұнай-газ саласында (6 мыңнан астам орын), электр энергетикасында (3 мыңнан астам орын), жаңартылатын энергия көздерінде (шамамен 3 мың орын), сондай-ақ мұнай-газ химиясында (945 орын) жұмыс орындарының өсуі күтілуде. 2029 жылдың соңына дейін 200-ден астам инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде 70 мыңға жуық жұмыс орнын кезең-кезеңімен құру көзделген.