Черногорияда Абай орталығы ашылды

/
Черногорияда Абай орталығы ашылды
gov.kz

Черногорияның Ұлттық кітапханасында (Подгорица қ.) қазақтың ұлы ақыны, философы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Абай орталығының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
 
Іс-шара Сыртқы істер министрлігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Мақсаты – Абай Құнанбайұлының шығармашылығын халықаралық деңгейде насихаттау.

Абай орталығының ашылу салтанатына Черногорияның Қазақстан, Австрия, Германия, Словакия, Испания, Италия, Венгрия, Болгария, Түркия және Греция  Елшіліктерінің дипломатиялық өкілдері, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері қатысты.

Абай орталығына жүзден аса құжат табыс етілді. Олардың ішінде қазақ, орыс, ағылшын, қытай т.б көптеген тілдерге аударылған Абайдың шығармалары, қарасөздері, абайтану кітаптары, өмір жолы мен шығармашылығына қатысты құнды деректер, сонымен қатар қазақ жазушылары Әбіш Кекілбаев, Кемел Тоқаев, Таласбек Әсемқұлов сынды ұлт зиялыларының кітаптары бар. Бұл құжаттар ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығынан алынды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары