Қазақстан жыл сайынғы беделді «Wanderlust Reader Travel Awards» сыйлығына үміткерлер тізіміне енді. Біздің еліміз «Ең сұранысқа ие жаңа бағыт» санатында ұсынылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ұлыбританияның танымал «Wanderlust» туристік басылымы жыл сайын әлемдегі ең шабыттандыратын және тартымды туристік бағыттарды, саяхат саласындағы үздік сервистер мен қызметтерді анықтайды. Өткен жылы Қазақстан «Ең сұранысқа ие жаңа бағыт» санатында үздік бестікке енді.
Биылғы дауыс беру ашылды және ниет білдірушілер Қазақстанды перспективалық туристік бағыт ретінде қолдай алады.
Дауыс беру 2025 жылдың 17 қазанына дейін жалғасады. Сыйлықтың жеңімпаздары онлайн-дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады және биылғы қараша айында Лондонда жарияланады.