"Сыбайлас жемқорлық схемасын ұйымдастырған": Қызылордада департамент басшысы қамауға алынды

/
"Сыбайлас жемқорлық схемасын ұйымдастырған": Қызылордада департамент басшысы қамауға алынды
freepik.com

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ҚР Энергетика министрлігінің энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысын ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол жер қойнауын пайдаланушылардан жүйелі түрде материалдық пайда алуға мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлық схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

Қазір оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) және 364-бабы 1-бөлігі (Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау тағайындалған.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары