Кентауда 3 қабатты сауда орталығы өртенді

/
Кентауда 3 қабатты сауда орталығы өртенді
Istockphoto

Кентаудағы сауда орталығында өрт шыққаны туралы ақпарат ТЖМ Telegram-арнасында 24 шілдеде сағат 21:40-та жарияланған, деп хабарлады turkystan.kz.

"Осы сәтте Түркістан облысының өрт сөндірушілері Кентау қаласы Аль Фараби көшесінде орналасқан 3 қабатты сауда орталығының шатырының өртін сөндіріп жатыр. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс жасап жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Оқиға орнында өрт сөндіру жедел штабы құрылды. Өрті сөндіруге жеке құрамнан 18 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылған", - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары