Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желідегі парақшасында үзақ уақыттан кейін жазба жариялады, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.
Әзілкеш Астана қаласында өткен кешінде түсірілген видеоны жариялап, халыққа алғыс білдірген.
«Астана ыстық ықыластарыңызға және шынайы қошеметтеріңізге мың алғыс!», - деп жазды Тұрсынбек Қабатов.
Алайда бұл жазбаның астындағы пікір жазу алаңы құлыптаулы болған. Сондықтан жұртшылықтың ойын білу мүмкін болмады.
Еске салайық, бұған дейін Мөлдір Мұқанованың Тұрсынбек Қабатовқа жазба арнағаны туралы жазған едік.