«Димашты бағамыз деп, Ақтөбеге көштік»: Танымал әншінің атасы айтқан естелік

/
«Димашты бағамыз деп, Ақтөбеге көштік»: Танымал әншінің атасы айтқан естелік

«Хабар» телеарнасында Димаш Құдайбергенге арналған «Бенефис-шоу» көрсетілген, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Онда Димаш Құдайбергеннің атасы өзінің отбасылық естеліктерін айтқан.

“Димашым туралы айтайын, Ол 1994 жылы дүниеге келді. Қанат оқуын бітіріп, Света ол кезде бірінші курсты аяқтап жатқан тұста Димашты дүниеге әкелді. Біз елде тұрамыз, бұлар Ақтөбеде. Бірде бізге келді. «Папа-мама, жағдай қалай болады? Балаларыңды бағасыңдар ма?» деп. «Шырағым, бұл қалай болады екен?» деп қалдық. Онда Света сырттай оқуға түссін дегенді айттық, «жоқ олай болмады» деді. «Біз оны алып қала алмаймыз, біз одан да оны барып бағамыз» деп шештік. Бұрын көшпеймін деп жүретінмін. Димаштың арқасында Ақтөбеге көшіп бардық”,- деді Димаш Құдайбергеннің атасы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары