Басты мақсат – Абайдың мұрасын құрметтеп, ұрпақ санасына сіңіру – Ермек Көшербаев

/
Басты мақсат – Абайдың мұрасын құрметтеп, ұрпақ санасына сіңіру – Ермек Көшербаев
gov.kz

Биыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы. Қазіргі таңда елімізде бірқатар іс-шара өткізіліп атыр. Бұны Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда тапсырған болатын.

Үкімет үйінде баспасөз конференциясында баяндама жасаған Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев бұл тақырыпқа арнайы тоқталды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Негізгі шаралар тамыз-қыркүйек айларына жоспарланған. Оған өңірлер үлкен дайындық жұмыстарын жүргізуде. Басты мақсатымыз – Абайдың мұрасын құрметтеп, ұрпақ санасына сіңіру. Бұл салада заманның ағымына сай біз креативті индустрияның дамуына көңіл бөліп жатырмыз. Өңірлерде 16 креативтік орталық ашылды. Оларға салық жеңілдіктері енгізілді. Білім беру бағдарламалары іске қосылды. Бұның түпкі мақсаты – дарынды жастарды іздеп, табу. Олардың жобаларын қолдап, инвесторларды тарту. Одан соң отандық креативтік  өнімдерді халықаралық нарыққа шығару», — деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары