"Қазақфильм" туындылары спорттық кинофестивальге қатысады

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясында өндірілген «Жол» және «Воля к победе» атты фильмдері 2017 жылдың 13-20 сәуір аралығында өтетін «Красногорский» атты 15-ші халықаралық спорттық кинофестиваліне қатысады. Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Режиссер Асқар Ұзабаевтың «Жол» спорттық драмасы Қазақстандағы ең әйгілі спорт түрі – бокс туралы баяндайды. Картина ережесіз жекпе-жекке қатысатын жас жігіт туралы.

Режиссер Тоқтар Қарсақбаевтың «Воля к победе» атты деректі фильмі классиқалық әдіспен күресетін, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақ КСР-ның бірінші олимпиада чемпионы – Жақсылық Үшкемпіров туралы. Фильмде совет спортының хроникасы қолданылған.

2003-ші жылы құрылған «Красногорский» халықаралық фестивалі – Шығыс Еуропадағы және ТМД елдеріндегі ірі спорттық кинобайқау. Кинофестиваль президенті – әлемнің үш дүркін олимпиада чемпионы, әлемнің он дүркін чемпионы, он бір рет Еуропа чемпионы  Ирина Роднина.

Фестиваль мақсаты – спорттық кинотуындыларды тегін көрсету апталарын ұйымдастыру арқылы, отандық және әлемдік кинематография мәдениетінің құндылықтарына барлық әлеуметтік топтардың кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету; соңғы үш жылда шығарылған үздік спорттық отандық және шетелдік фильмдерді аныктау және оларды марапаттау; сондай-ақ кино мэтрлары мен жас авторлар үшін толыққанды тәжіребе алмасу мүмкіндігін құру.

Биылғы жылы фестиваль бағдарламасына рекордтық өтінімдер  100-ге жуық спорт туралы кинотуындылар түсті. Фестивальге қатысу үшін таңдап алынған 70-ке жуық көркем және деректі кинофильмдерді  қатысушы 15 ел ұсынған.  Олардың арасында: Ресей, Австрия, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Молдова және т.б.

Конкурстық бағдарламаны бағалайтын қазылар алқасына мәдениет және қоғам қайраткерлері, саясаткерлер мен спортшылар кірді: Яна Батыршина – ҚР-ның еңбек сіңірген көркем гимнастика спорт шебері, бес дүркін Еуропа чемпионы, жеті дүркін әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері; Березуцкая Ольга – синхрондық жүзуден спорт шебері; Наталья Билан – продюсер, сценарист және режиссер; Юлия Высоцкая – Ресейдің театр және кино актрисасы; Анатолий Котенев – ҚР-ның еңбек сіңірген артисі, Беларусь кино актерлері гильдиясының вице-президенті; Ирина Слуцкая – Ресейдің танымал мәнерлеп сырғанаушысы, Олимпиада ойындарының жүлдегері; Василий Соловьев – ресейлік тележүргізуші, спорттық комментатор, актер, кино продюсер және режиссер; Бату Хасиков – Ресей кикбоксшысы, әлемнің кәсіпқойлар арасындағы бірнеше дүркін чемпионы, қоғамдық-саяси қайраткер; Сулав Фавакерджи – Сирияның кино және теле актрисасы; Кирилл Щитов – Мәскеу қаласы Дума депутаты, дене тәрбиесі, спорт және жастар саясаты бойынша комиссия төрағасы.

Фестивальдің ашылуы 13 сәуір күні 18:00-де «Подмосковье» (Красноярск) мәдениет сарайында өтеді. Жеңімпаздар салтанатты марапаттау рәсімінде 20 сәуір күні Vegas city hall залында анықталады.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button