Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова шығармашылыққа толық бет бұратынын айтып, қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz тілшісі.
«Қазақ эстрадасында үлкен арманымды орындауға бір қадам жақындадым. 20 жыл бойы ішімде жатқан өнерді тығып ұстадым. Өмірдің ағымы, отбасы, бала-шаға бәрін бірінші орынға қойдым. Сол кезде шығармашылық пен өнер ұмытылып кетті. Енді уақыт келген сияқты.
Қазақ эстрадасында бұрын-соңды болмаған бір нәрсе басталмақ», - деді М. Мұқанова.
Ол алдағы уақытта әнші Қайрат Нұртаспен дуэт жазатынын мәлімдеді.
«Қайрат Нұртаспен дуэт жазуға дайындалып жатырмын. Иә, сенбей тұрмын. Өмірде ана, жар, кәсіпкер сияқты түрлі рөлде болдым. Өнеріммен бөлісетін сәт туды.Сондықтан, сіздердің қолдауларыңыз мен үшін қымбат.
Қайрат Нұртас пен Мөлдір Мұқан дуэті қалай болады деп ойлайсыздар?
Қандай жанрда болсын деп қалайсыздар? Махаббат па әлде өмір туралы ма?
Жүректен шыққан әнді жүрекпен қабылдаңыздар. Күтесіздер ме?», - деді ол.