eGov Mobile қосымшасында тағы бір құжат қолжетімді болды

/
eGov Mobile қосымшасында тағы бір құжат қолжетімді болды
gov.kz

Бұдан былай  әскери оқу орнына қайта қабылдануға өтінішті смартфон арқылы беруге болады. Қызмет кемінде бір семестр білім алған әскери оқу орындарының бұрынғы курсанттарына арналған.

Өтініш цифрлық форматта қалыптастырылады, ал қажетті деректердің басым бөлігі мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде жүктеледі. Бұл процесті барынша оңай әрі ыңғайлы етеді. Алайда өтінішті оқудан шығарылған сәттен бастап бір жыл ішінде ғана беруге болатынын ескеру қажет.

Қызметті пайдалану үшін:

— eGov Mobile мобильді қосымшасында авторизациядан өту қажет;

— "Қызметтер" — "Әскери есепке алу" бөліміне өту керек;

— "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қайта қабылдау" қызметін таңдау қажет;

— оқу орны мен оқудан шығарылған мерзім туралы ақпаратты көрсету;

— жеке деректерді өңдеуге келісім беру;

— қажетті құжаттарды жүктеу керек;

— ЭЦҚ немесе баламалы тәсілдер арқылы өтінішке қол қою қажет.

Қызмет тегін ұсынылады, көрсету мерзімі — 20 жұмыс күні. Өтінішті қарау нәтижесі "Жеке кабинет тарихы" бөлімінде қолжетімді болады. Егер қайта қабылдануға мүмкіндік болмаса, қолданушы дәлелді бас тарту туралы жауап алады.

Айта кету керек, "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қайта қабылдану" қызметі eGov.kz порталында да қолжетімді.

Жаңарту Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ және Қорғаныс

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары